2024 жылдың 13 сәуірінде Bizdin auyl-да үлкен игі бастама көтерілді – жаңа АЛМА БАҒЫ егілді.
Бұл жоба ауылдың болашағына, тұрғындардың ынтымағына және табиғатты қорғауға бағытталған ерекше қадам болып саналады.

Асар дәстүрі – бірліктің белгісі

Алма бағын отырғызу жұмысына
200-ге жуық адам қатысты.

Олардың ішінде туған-туыс, ағайын-бауыр, достар және ұжымдастар бар. Барлығы асарлатып бірігіп, еңбектің жемісті басталуына атсалысты.
Бұл – ауылдастардың ұйымшылдығы мен бірлігін көрсеткен нағыз игі іс болды.
Алғыс
Осындай үлкен іске үлес қосқан әрбір жанға жүрекжарды алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен бірліктеріңіз арқасында алма бағы бой көтеріп, болашақта мол жемісін бермек!
Made on
Tilda